Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты онлайн мәуліт кеші өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 23:00 - 2020/11/21

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyida-adamzattyin-asyilyi-mustafa-attyi-onlayn-maulit-keshi-12730


Құрметті отандастар! Қадірлі мұсылман бауырлар!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен, 2020 жылдың 22 қараша күні сағат 19:00-де, Алматы қаласында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айына арналған «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кеші өтеді. 

 
- Бұл кеште ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлайды. 

- «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры мен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымдарын ел назарына ұсынады. 

- Елімізге танымал Райым Уайыс, Сержан Али, Ерген Айтымбетов, Жасұлан Жасұлан Мұсағали сынды өнер жұлдыздары Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнаған жаңа әндерін тарту етіп, терме орындалады.

- Ең бастысы, рухани кеште Құран оқылып, салауаттар айтылады.

- Сондай-ақ биылғы мәуліт кешінің тақырыбына орай, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты жаңа кітап оқырманға жол тартпақ. 
 
Ескерте кететін жайт, мәуліт кеші Azan.kz сайтының Youtube каналы мен Azan.kz_1 instagramm әлеуеттік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

 

Онлайн мәуліт кешін мына сілтемелер арқылы тамашалай аласыздар:

 

Azan.kz youtube каналының сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=YwI9MSeB2lo&feature=youtu.be  

 

Azan.kz_1 instagram парақшасының сілтемесі:

https://www.instagram.com/azan.kz_1/?hl=ru  

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1306527
Пікірлер

Көрші сілтемелер