Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматылықтар ”Медеудегі” ақылы тұраққа наразы болды: 06 наурыз 2021, 11:27 - жаңалықтар Tengrinews.k



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 11:40 - 2021/03/06

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyilyiktar-medeudeg-akyilyi-turakka-narazyi-boldyi-319831/


Алматылықтар ”Медеудегі” ақылы тұраққа наразы болды: 06 наурыз 2021, 11:27 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы тұрғыны "Медеу" мұз айдынының жанында ақылы тұрақ жасау туралы шешімге наразы болды. Оның айтуынша, тұрақтың ақшасы жеке компанияның қалтасына түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматылықтар Көк базардағы тариф көтерілгенде үндемеді, қазір 100 теңгенің орнына 150 теңге төлейміз. Біздің көңгіштігіміз бен үнсіздігіміз "Медеудегі" тұраққа тәулік бойы ақша төлеуге әкелді. Менің ойымша, бұл тек бастамасы. Біздің үнсіздік - AParking-ке төленетін алтын", - деп жазды Андрей Андреев Facebook-те.

Жазбаға жазылған пікірлер арасында қазақстандықтарды бәрінен бұрын тұрақтан түскен ақша қалай жұмсалатыны қызықтырды.

"Төлеу керек, бюджетке түссе". "Ақша кімнің қалтасына түсетіні белгісіз". "Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы көшелерде, қоғамдық орындарда көлік қоюға төленетін ақшаны неге жеке компаниялар алады? Жеке компаниялар салық төлейді деп айтпауыңызды сұраймын. Салықты елімізде бәрі төлейді", - деп жазып жатыр қазақстандықтар.

Андрей Андреев тұраққа ақы төлеуге қарсы емес екенін, бірақ тариф үшін 100 теңге де дұрыс баға болатынын айтты. 

"Алайда мен ақшаның жеке біреудің қалтасына түсуіне үзілді-кесілді қарсымын, өйткені қалаға пайда жоқ. Салық сомасы шынымен аз. Компанияның өзі тәртіп орнатпайды, аумақты тазаламайды, автомобильдердің қауіпсіздігі үшін ештеңе жасамайды. Олар бейнекамералар қоюға, белгілер сызуға уәде берді, бірақ ештеңе істеп жатқан жоқ", - дейді ол.

Еске салайық, "Медеу" мұз айдынының жанындағы көлік тұрағы 15 наурыздан бастап ақылы болады. Тұрақ 191 көлікке арналған. Бір сағаттың құны 100 теңге. Жұмыс тәртібі - тәулік бойы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1366995
Пікірлер

Көрші сілтемелер