Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2020/11/21

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-23-zhastagy-zhigit-kuyikten-kaza-boldy_a3721464


СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түсініксіз жағдайда күйік алған 23 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да әлеуметтік желі арқылы діни материалдар таратқан тұрғын жазаланды СҚО-да адасып кеткен баланы шекарашылар тауып алды СҚО-да коронавирустан емделіп жатқан әрбір оныншысы науқас жансақтау бөліміне түседі

Оқиға 19 қараша күні СҚО-дағы Бескөл ауылында болған. Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны төрт досымен жеке тұрғын үйлердің бірінде сауық құрған.

Жолдастарының айтуынша, сол күні таңертең ол от жағатын үйге темекі шегуге шығады. Біраз уақыттан кейін ол жерден жанған күйі атып шыққан. Достары оны сөндіріп алып, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Ал от жағатын үйден еріткіш заты бар жанып жатқан канистрді тапқан.

Зардап шеккен жігіт аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ол сол күні кешке жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша енгізілді.

«Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306520
Пікірлер

Көрші сілтемелер