Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:57 - 2020/11/21

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-300-shakyrymga-zhuyk-zhol-zhondeldi_a3721462


ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында мектептерді жөндеуге 11 млрд теңге бөлінді Шығыс Қазақстан облысында карантин күшейтіле ме ШҚО экономикасына 547 млрд теңге инвестиция салынды - Даниал Ахметов

2020 жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткен.

Нақты айтқанда, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.

Шығыс Қазақстандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымды құрайды, оның 3,4 мыңы республикалық маңыздағы жолдар, 3,2 мыңы облыстық, 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306522
Пікірлер

Көрші сілтемелер