Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:36 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-karausyz-maldyn-kesirinen-40-kolik-apaty-bolgan_a3721474


Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жол қозғалысына өзгеріс енгізіліп жатыр Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі автокөлік жолдарының бойында бақылаусыз жайылып жүрген малдардың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі болады.

«Мәселен, биылғы жылғы қарашаның 18-де «Зеренді-Щучинск» автожолында «Renault Logan» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деді ведомстводан.

Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық залалды өтеу үшін жол апатына себепкер жануардың иесінің үстінен азаматтық тәртіппен сотқа арыз беруіне құқысы бар. Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысында қараусыз малдың қатысуымен 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306543
Пікірлер

Көрші сілтемелер