Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да «Дәрмек» шарасы барысында 15 заңбұзушылық анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:54 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-darmek-sharasy-barysynda-15-zanbuzushylyk-anyktaldy_a3721471


ШҚО-да «Дәрмек» шарасы барысында 15 заңбұзушылық анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 16-20 қараша аралығында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді Қытай мегаполистерінде коронавирус қайта өршіді Ақмоланың Жақсы ауданында дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасалған - әкім

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтауға күш салды.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Көкпекті ауданында прекурсор қолданатын кәсіпорындарды тексеру барысында техникалық нығайтылу талаптарының бұзылғаны тіркелді. Осылайша, мекеме басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

«Семей қаласындағы дәріханалардың біріндегі фармацевт құрамында кодеині бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатқан. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына қайшы. Сондай-ақ Семейдегі мекеме басшыларының бірі қызметкерлеріне лицензиясының мерзімі өткен прекурсорларды сатқызған. Оған 400 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, 5 күн ішінде облыс бойынша есірткіге қатысты 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306545
Пікірлер

Көрші сілтемелер