Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да полиция жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:54 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-policiya-zhurgizushilerdi-zholda-abay-boluga-shakyrdy_a3721468


СҚО-да полиция жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 18 қарашадан бастап күніне 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс жолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық және 10-ы облыстық маңызы бар жолдарда жүр. Соңғы екі күнде 1,2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Соның ішінде 232 оқиға жаяу жүргіншілер жолағында болған.

«Өңірде күздің соңғы айының қыстан айырмашылығы жоқ: қар, көктайғақ және тұман. Синоптиктер ауа-райының нашарлайтынын хабарлауда. Осыған орай полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Мұндай ауа райы жағдайында жол жүру қауіпті екенін түсіндіріп, қарлы боран мен көктайғақ кезінде өте сақ болуға шақыруда. Қысқы дөңгелектегі, тежегіштегі ақау, жылдамдықты асыру және арақашықтықты сақтамау - автокөлік жүргізушісіне орны толмас қайғы әкелуі мүмкін», - делінген баспасөз хабарламасында.

Автор: Олеся Жуковень


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306550
Пікірлер

Көрші сілтемелер