Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еуроодақ лидерлері «Үлкен жиырмалық» саммитінің алдында ЕО басымдықтары туралы айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:12 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/euroodak-liderleri-ulken-zhiyrmalyk-sammitinin-aldynda-eo-basymdyktary-turaly-aytty_a3721487


Еуроодақ лидерлері «Үлкен жиырмалық» саммитінің алдында ЕО басымдықтары туралы айтты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Лайен және Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель бүгін Брюссельде өткен саммит барысында G20 лидерлерінің виртуалды саммитінің алдында ЕО басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: ДДСҰ қызметкерлерінің арасында аурудың өршуі және ауыз шаюдың пайдасы туралы Қытайдың 54 қаласында ауа ластанды Майя Санду Молдовадағы президент сайлауында алда келеді

Екі саясаткер де 21-22 қараша күндері өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде ЕО атынан өкілдік етеді. Мәлімдемеде коронавирустан зардап шегіп отырған әлемде ЕО-ның аталған дағдарыстың тереңдеп бара жатқан салдарымен күресте аянып қалмайтыны айтылған. Сол себепті олардың пікірінше, қазір түрлі зерттеулер мен вакцина және өзге де терапевтік құралдарды дайындауға инвестиция сала берген жөн. Оларды әлемде барлық адамдар ешқандай бөліп-жарусыз бірдей ала алатындай болуы керек.

«ACT-Accelerator мен оның COVAX-сы біздің басты құралдарымыз болып табылады»,-дейді ЕО лидерлері.

Брюссель G20 лидерлерін әлем мемлекеттерінің аталған бастамаларын қаржыландыра беруге, осы бағытта жыл соңына дейін 4,5 млрд АҚШ долларын бөлуге шақырмақ.

ЕО сонымен қатар Еуропа елдерінің және дамушы елдер мен кірісі төмен мемлекеттердің экономикасын қолдауға күш салады. Бұл ретте аталған елдерге қарыздарын қайтаруды 2021 жылға дейін тоқтата тұрып, одан соң да тағы 6 ай мүмкіндік беру керек.

Әлемге төнген қауіп-қатерді құрылыс мүмкіндіктеріне айналдыра отырып, ЕО «Жиырмалық тобында» жасылға негізделген, инклюзивті, тұрақты, цифрлық өсім бағытында тұрақты қалпына келтіруді жетілдірмек. Бұл жұмыстар 2030 жылға дейін бағытталған күн тәртібі мен оның тұрақты даму бағытындағы мақсаттарын орындау арқылы жүзеге асырылмақ.

Саммит сонымен қатар ЕО-ның еркін әрі әділ сауданың халықаралық тәртібін жақтайтынын тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік береді.

ЕО гендерлік теңдік пен лайықты еңбек шартын қолдайды. Сонымен қатар бала еңбегін пайдалануды жою, мәжбүрлі жұмысқа жегу, адам саудасы мен қазіргі заманғы құлдықпен күреске күш салады.


Арнұр Рахымбеков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306552
Пікірлер

Көрші сілтемелер