Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейлік мұғалім: Білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:18 - 2020/11/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/semeylik-mugalim-bilim-beru-salasynda-balalardyn-densaulygy-basty-nazarda_a3721475


Семейлік мұғалім: Білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы биология пәнінің мұғалімі Виктория Пешкова қашықтан оқыту форматы балалардың жауапкершілігін арттырады деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді Сан-Францисконың бас кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды Асхат Аймағамбетов: Балалардың әл-ауқаты индексін дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарудамыз

В.Пешкованың айтуынша, онлайн форматтың нәтижесінде оқудың интерактивті әдістерін интернет платформаларда қолдануға мүмкіндік туды. Әр пән сабақ кестесіне сәйкес синхронды және асинхронды форматта өтеді.

«Қашықтан оқыту форматы балалардың жауапкершілігін арттырды. Қысқа мерзімде мұғалім оқушыларға жаңа материал беріп, формативті бағалау жүргізіп, сонымен қатар барлық балалардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып кері байланыс орнатуы керек. Бұл ұстаздың да, оқушының да жүгін арттыра түседі. Өйткені олар сабақ берудің дәстүрлі форматына үйренген. Десе де білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда. Сондықтан онлайн оқыту форматына ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды жетілдірудің және өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа кезеңі ретінде қараған жөн», - деді ол.

Мұғалім өз сөзінде барлық мұғалімдер мен оқушылардың шектеу шараларының тезірек алынып, қайтадан мектеп қабырғасына баруларын тосып жүргенін жеткізді.

Автор: Руслан Шақабаев


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1306559
Пікірлер

Көрші сілтемелер