Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа «Барыс» ордені табыс етілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:54 - 2021/01/21

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/reseydin-syrtky-ister-ministri-sergey-lavrovka-barys-ordeni-tabys-etildi_a3743888


Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа «Барыс» ордені табыс етілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«РФ Сыртқы істер министрлігінде өткен ТМД елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі аясында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
С. Лавровты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттау оның Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесін бағалау болып табылады», делінген хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1339820
Пікірлер

Көрші сілтемелер