Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бельгия үкіметі мейрамханалар мен қонақүйлердің жұмысы қашан жанданатынын хабарлады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:39 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/bel-giya-ukimeti-meyramhanalar-men-konakuylerdin-zhumysy-kashan-zhandanatynyn-habarlady_a3761304


Бельгия үкіметі мейрамханалар мен қонақүйлердің жұмысы қашан жанданатынын хабарлады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жұма күні Бельгияның коронавирусқа қарсы күрес консультативтік кеңесінің отырысы өтіп, карантин ережелерін жеңілдету стратегиясы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды 742 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус анықталды

«Бельгия коронавирусқа қарсы күрестің кейбір шараларын ресми түрде жеңілдетіп, кей секторлардың жұмысына басымдық берді», - деп мәлімдеді премьер-министр Александр Де Кроо баспасөз мәслихаты кезінде.

Министрлер кабинеті басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда болса ғана мұндай жеңілдету шаралары жүзеге асатынын атап өтті.

Осылайша, 8 наурыздан бастап бельгиялықтар ашық аспан астында 10 адамға дейін жинала алады. Жерлеу рәсіміне 50 адамға дейін қатысуға рұқсат етіледі.

13 жасқа дейінгі балаларға ашық аспан астында 25 балаға дейін, жабық ғимарат ішінде 10 балаға дейін қатыса алатын іс-шаралар ұйымдастыруға болады.

15 наурыздан бастап Бельгия жоғары оқу орындарының студенттері аптасына бір күн сабаққа барып, қатыса алады.

Сәуірден бастап ашық аспан астында 50 адамға дейін қатысатын діни қызметтерді өткізуге болады. Бірақ маска тағу мен әлеуметтік қашықтық сақтау міндеттеледі.

Қонақүй мен мейрамханалар тек 1 мамырдан бастап ашылады. Ашылу қатаң тәртіппен өтеді, оның ішінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын жедел тест тапсыру да бар. Қалпына келтіру жұмыстарының басқа да тұстарын үкімет жақын арада толықтырады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1366993
Пікірлер

Көрші сілтемелер