Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да полицей әйелдер ерекше сурет галереясын ұйымдастырды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:45 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-policey-ayelder-erekshe-suret-galereyasyn-uyymdastyrdy_a3761298


СҚО-да полицей әйелдер ерекше сурет галереясын ұйымдастырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында халықаралық әйелдер күніне орай полицияда қызмет атқаратын қыз-келіншектер ерекше сурет галереясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО полициясында 400-ге жуық қыз-келіншек қызмет атқарады Ақтөбеде полицейлер көше тазалаушыларға гүл сыйлады ШҚО әкімі жемісті еңбек еткен әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, идеяның авторы - полиция департаменті басшылығы. Полиция қызметкерлері өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін ортаға салды: отандық және әлемдік суретшілердің қылқаламынан туындаған кейіпкерлердің костюмдері мен бейнелерін дәл келтіре отыра, соңғы апта бойы олар фотосессия өткізді. Оған 13 қыз-келіншек қатысты. Арасында полиция подполковнигі де бар.

Өздеріне ұнайтын бейнені табу үшін қатысушылар әлемдік мәдениеттің жауһары – жүздеген картинаны қарап шықты. Нәтижесінде Қайта өркендеу дәуірінен бастап, осы күнге дейінгі еңбектер таңдап алынды.

Мәселен ювеналдық полицияның аға инспекторы Еркегүл Басыбаева Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» немесе «Джокондасы» бейнесінде суретке түсті. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Жанна Үмбаеваға да Ренессанс дәуірі жақын болып шықты. Ол «Элизабет Гонзалоның портреті» картинасын таңдап, сол бейнеде суретке түсті.


Жоба аясында қазақ қыздарының сұлулығын көрсетуді мақсат еткендер де болды. Олар отандық қылқалам шеберлерінің еңбектерін таңдады. Петропавл қалалық полиция басқармасының штаб инспекторы Айсұлу Кажикова «Қызыл қамзол киген қыз» картинасын негізге алды.

Ерекше сурет галереясын ұйымдастыруға ат салысқандардың айтуынша, жобаға қажетті киім-кешекпен және гриммен жергілікті театрлар мен облыстық филармония көмектескен. Реквизиттерді де іздеуге тура келді. Осыдан 70 жыл бұрынғы орындықтарды табу оңай болмапты. Ал суреттердің біріндегі маймыл «Мадагаскар» ойын-сауық орталығының зоопаркінен алынды.

Шыңармашылық жобаның нәтижесі көптің көңілінен шықты.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1366998
Пікірлер

Көрші сілтемелер