Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар облысында ауылдық жерде шағын индустриялық аймақ ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 22:27 - 2020/11/21

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/256657-pavlodar-oblysynda-auyldyq-dgerde-shaghyn-industriyalyq-aymaq-ashyldy


Әуелбек ауылында «Әуелбек» шағын индустриялық аймақтың салтанатты ашылуы өткізілді. Мерекелік шараға аудан әкімі Қаршыға Арынов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Auelbekmio2020.jpeg
Ауылдық клуб ғимаратының базасында ашылған ШИА құрамына шаштараз (ерлер, әйелдер залы), сұлулық салоны (маникюр, педикюр, қас сәулеті), тігін цехы, жиһаз шеберханасы, кондитерлік цех кіреді. Алдағы уақытта фотостудия және аяқ киім жөндеу орнын ашу жоспарлануда.

- Енді ауыл тұрғындарына қалаға барудың қажеті жоқ, өйткені шаштараз қызметі туған ауылында да бар. - дейді шаштаразды ашқан Алтын Қыпшақбаева.

Ауыл тұрғыны Әсем Қабиева «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, сұлулық салонын ашуға грант алды. Ал, Арыс қаласынан қоныс аударушы Нұртанов Саттар жиһаз шеберханасын ашты. Ағаш шебері ауыл тұрғындары үшін ас үй үстелдерінен бастап, бірқатар жиһаздарды жасауды жоспарлап отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1306518
Пікірлер

Көрші сілтемелер