Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елдос Сметов күміс алды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:09 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267978-eldos-smetov-kumis-aldy


60 кило салмақта сынға түскен Елдос Сметов германиялық Максимильян Гейдер, өзбекстандық Мирзахид Махамаджанов, грузиялық Джаба Папинашвили және әзірбайжандық Карамат Гусейновтан басым түсіп, финалда жопониялық Рюдзю Нагаямаға жол берді. Нәтижесінде қандасымыз күміс медальді мойнына ілді. Дәл осы салмақта күрескен Дамир Болатбековтің қадамы сәтсіз болды. Ол португалиялық Луис Родриго Костадан жеңіліп қалды.   

66 кило салмақтағы Ерлан Серікжанов алғашқы айналымдарда қырғызстандық Артур Те және ирландиялық Натон Борсты ұтқанымен, үшінші кезеңде Оңтүстік Кореяның өкілі Ким Линхванға есе жіберді. Жұбаныш бәсекесінде словакиялық Матей Полажды жығққанымен, қола медаль үшін тартыста ресейлік Арам Григорянның осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Ерлан бесінші орында қалып қойды. Осы салмақта сайысқа түскен Кемелбек Молдаш тұсаукесер кездесуінде ауғаныстандық Фахим Абдул Азлидің аяғын көктен келтіргенімен, іле-шала өзбекстандық Сардор Нуриллаевтан ұтылды.   

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1367030
Пікірлер

Көрші сілтемелер