Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда 8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:51 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267980-8-nauryz-kuni-khokkeyden-balalar-turniri-otedi


Турнирдің мақсаты - Нұр-Сұлтанда балалар мен әйелдер хоккейін насихаттау. Ойыншылар мен командалар тегін қатысады. Жарыстың әрбір қатысушысына естелік кәдесый табысталады, ал алғашқы үш орынға ие болған командалар медальдармен марапатталады.

Турнир жеңімпазына кубоктан бөлек 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Турнир Street Hockey 3х3, яғни көше хоккейі форматында өтеді. Ал тіркелген әр команданың құрамында 9-13 жас аралығындағы бес ойыншыға дейін болуы қажет. Көше жарысына 6-8 команда қатысады деп күтіліп отыр.

Ойын 8 наурыз күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қажымұқан көшесі, 9/2 мекенжайында өтеді.

Айта кетейік, шара Қазақстан хоккей федерациясы мен Street Hockey қолдауымен өтеді. Іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1367046
Пікірлер

Көрші сілтемелер