Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Психопаттың қатері қайдан екені анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:30 - 2021/03/06

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/gylym/psihopattyn-qateri-qaidan-ekeni-anyqtaldy-14912/


Психопаттың қатері қайдан екені анықталды

Ғалымдар психопат адамның өзгелерге түсіністікпен қарауға тырысқан кезде ми қызметінің төмендейтінін, яғни, ондай адамның жанашырлықтан жұрдай болатынын дәлелді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған NeuroImage мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Психопаттың миын сканерлеу нәтижесі психопаттың өзге адамның үрейін тануға тырысу кезінде эмпатияға жауапты ми бөлігінің белсенділігі төмендейтінін көрсетіп берді. Дәлірегі, үрейге бой алдырған адамды көрсе, психопаттың ми қызметі баяулайды. Бұл – қорқынышты тұжырым. Яғни, белгілі бір эмоцияны көрсету олардың алдындағы дәрменсіздікті мойындаумен бірдей – бұл эмоция олардың агрессиясын оятады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибеге түрме қабырғасында жазасын өтеп жатқан 94 тұтқын тартылған екен. Олардың барлығы ересек ер адамдар болатын. Тәжірибе бойынша олар бір-біріне қандай да бір бейнесімен (эмоциясымен) өзара әсер етуші екі адамның бейнесі көрсетіледі. Дәлірегі, бір адамның бейнесі, өйткені, екінші адамның бейгесі жасырулы тұрады. Яғни, жасырын бейнеге  қарап отырған адамның бейнесі арқылы жасырын адамның қандай күй кешкенін анықтауы тиіс. Бұдан бөлек, тәжірибеге қатысушылар психопатия бойынша тест тапсырды. Сондай-ақ, олар эмоцияны анықтау тапсырмасын орындау кезінде олардың миы сканерлеуден өткізілді. Аталмыш тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, психопатия бойынша тестен жоғары ұпай жинағандары бейненің эмоциясын тануда төменгі көрсеткіш көрсеткен – әсіресе, үрей, шаттық, мұң секілді эмоцияны анықтауда көп қателік жіберген. Әлбетте, психопаттың ми қызметінің белсенділігі шаттық пен мұң секілді эмоцияны анықтау кезінде әдеттегі адамның миынан көп айырмашылығы болмайды. Алайда, бейнедегі жасырын үрейді анықтауға тырысқан кезінде олардың эмпатиямен байланысты ми бөлігінің түрлі аймақтарының қызметі төмендеп сала берген. Бұл – эмоцияны тануға мүмкіндік бермейтін биологиялық дисфункция (ақау). Ғалымдар бұл бағытта тек бұл тәжірибемен шектеліп қалмай, зерттеуді одан ары жалғастыруды көздеп отыр – психопаттың ми қызметіне дәл сараптама жүргізу үшін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1367017
Пікірлер

Көрші сілтемелер