Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 23:30 - 2021/01/21

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/everesten-shykkan-kokys-art-nysandarga-aynalady


Непалда Эверестен шыққан қоқыс өнер туындыларына айналады. Осылайша, ел билігі әлемдік қауымдастықты дүние жүзіндегі ең биік таудың рекордтық ластануы туралы ескертуге тырысуда, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Альпинистер мен трекерлер тастаған қолданылған оттегі баллондары, жыртылған шатырлар, арқандар, сынған баспалдақтар, канистрлер және пластикалық орамдар 8848,86 метрлік шың мен оның айналасындағы жерлерді ластап жатыр. 

Жоба жетекшісі және Непалдағы келушілерге арналған ақпарат орталығының және қоқысты қайта өңдеу нысанының тең құрылтайшысы Томми Густафссон шетелдік және жергілікті суретшілер қалдықтардан сәндік өнер жасаумен айналысатынын, сонымен қатар олар тұрғындарды осыған үйрететінін айтты. Орталықтың өзі Сьянгбочта 3,7 мың метр биіктікте, Эверестің базалық лагеріне апаратын негізгі жолда орналасқан. 

«Біз қатты қалдықтарды қымбат өнер туындыларына қалай айналдыруға болатынын және жұмыс орындары мен кірісті қалай қамтамасыз етуге болатынын көрсеткіміз келеді. Біз адамдардың қоқыс туралы түсінігін өзгертеміз деп үміттенеміз», - деді Густафссон Reuters агенттігіне.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1339833
Пікірлер

Көрші сілтемелер