Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 23:40 - 2021/01/21

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/2006-zhylgy-ulgidegi-2-5-10-myn-tengelik-banknottardy-ayyrbastau-1-akpanda-ayaktalady


2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады. Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады. 

«21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар болды», - дейді Жомарт Қажымұратов.

Оның айтуынша, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнет жасындағы адамдар, белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуын сұраймыз», - дейді Жомарт Қажымұратов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1339839
Пікірлер

Көрші сілтемелер