Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады (Видео)



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:00 - 2021/01/22

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/dimash-kudaybergen-aksh-tyn-zhana-prezidentin-kazak-tilinde-kuttyktady-video


АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харристың инаугурациясына арналған апталықтың ашылу салтанатында Димаш Құдайберген айтқан тағы бір әннің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық әнші алдымен ағылшын тілінде АҚШ-тың жаңа президенті мен вице-президентін құттықтады. Одан кейін өз сөзін қазақ тілінде жалғастырды.

"Құрметті президент мырза! Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Әлемде тек бірлік болсын! Әлемде бейбітшілік болсын, барлық әлем халықтары аман болсын!", - деді Құдайберген.

Осыдан кейін Димаш Құдайберген "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап берді.

Тура төрт жыл бұрын 2017 жылы 21 қаңтарда Димаш осы әнді Қытайдың "I am singer" байқауында айтып, кеңінен танылды. Содан бері көптеген марапаттарға ие болды. Әлемнің танымал әншілерін өзінің ерекше дауысымен тәнті етті.

Айта кетейік, бұған дейін жарияланған видеода Димаш Құдайберген халық әні "Самалтауды" орындайды. Ол да  АҚШ президентінің инаугурациясы арналған мерекелік апталықтың ашылу салтантында түсірілген.

Салтанатты шараны Халықаралық бауырлас қалалар қауымдастығы (Sister Cities International немесе SCI) ұйымдастырды. Мерекелік шара коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өтті.

Спикерлер мен қонақтар арасында губернатор Билл Аноабутти, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессвумен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз жаяу әскері оркестрі және тағы басқалары болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1339846
Пікірлер

Көрші сілтемелер